Ultimate magazine theme for WordPress.

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

154

Бүгін өңір басшысының өкімімен облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл қызметті Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы атқаратын болады, – деп жазады “ZhambylNews” AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарманың жаңа басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова таныстырды.

Сұлушаш Сәтбекқызы өз сөзінде Дауыл Ынтықбайұлының мемлекеттік қызметтегі көп жылғы еңбегін, саладағы мол тәжиребесін атап өтіп, алдағы уақытта да аянбай қызмет ететініне сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

Д.Бейсенқұлов, 1975 жылы туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1997 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын «инженер-механик», 2015 жылы Тараз ииновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Өз еңбек жолында ол әр жылдары Жамбыл аудандық көші-қон және демография бөлімінің жетекші маманы, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жалпы, ішкі саясат бөлімдерінің бас маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2011 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.