Ultimate magazine theme for WordPress.

Жамбыл облысында 7 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады

137

Биыл қала маңындағы 7 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда ол бойынша жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” AA облыс әкімдігінің баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді.

Статистикаға сүйенсек, бүгінде Тараз тұрғындарының тоқсан пайызы таза ауыз суды пайдаланып отыр. Жыл соңына дейін жоспарланған жеті елді мекендегі құрылыс аяқталса, қала толық таза ауыз сумен қамтылады. Осы жұмыстардың нәтижесімен республика рейтингісінде өңір көрсеткішін көтеруге де мүмкіндік тумақ.

Облыстағы аудан тұрғындарының ауыз сумен қамтылу деңгейіне тоқталсақ, Шу ауданы 60 пайызбен көшті түйіндеп тұр. Егер, Қосқұдықтағы мәселе шешімін тапса, аудан халқының 80 пайызы сапалы ауыз суға қол жеткізген болар еді. Өңір басшысы бұл жұмыстарды ұзаққа созбай шешу керектігіне назар аудартты.

Жалпы, облыс бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған 199 елді мекен бар. Ал ондағы 130 мың отбасы әлі де суды сырттан тасымалдап отыр. Асқар Исабекұлы бұл тұрғындарды 100 пайыз толығымен жүйеге қосу керектігін баса айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын барысында ауыз суды сағаттап кесте бой ынша пайдаланып отырған елді мекендердің жайы да қозғалып, ол мәселе күн санап өз шешімін тауып келе жатқандығы айтылды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.