Ultimate magazine theme for WordPress.

39 санитарлық, 58 қоғамдық автокөлік пайдалануға берілді

1 118

Конституция күні қарсаңында Тараздың орталық алаңында 39 санитарлық автокөлік, 58 қоғамдық автокөлік ел игілігіне берілді. Облыстық бюджет есебінен алынған 39 санитарлық көліктің 11-і Қордай, 9-ы Т. Рысқұлов, 6-ы Шу аудандарына жөнелтілсе, Жамбыл, Жуалы аудандарына – 3, Меркі, Мойынқұм, Сарысуға – 2, Талас ауданына – 1 көлік жол тартты. Ал қоғамдық көліктердің 33-ін «Әулиеата ТрансПасс» ЖШС, 15-ін «Тараз ТрансМоторс» ЖШС, 10-ын «Сапар Транс-2012» ЖШС директорларына облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев табыс етті.

Салтанатты шарада сөз алған Еркебұлан Әбілханұлы жиылғандарды мерекемен құттықтай келе, облыстағы денсаулық сақтау саласының жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, былтыр денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекменшік әріптестік негізде 29 нысан салынған. Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде облыс бойынша 65 денсаулық сақтау нысанын салып, жыл соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланған. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында жеті айда өңірге 37 жас маман келген.

Жалпы, өткен жылдың 1 шілдесінен бастап жедел жәрдем қызметі орталықтандырылып, «Жамбыл облыстық жедел жәрдем стансасы» болып өзгертілген. Былтыр 253 миллион теңгеге 27 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынып, бүгінде олар тұрғындардың игілігіне қызмет етуде.

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.