Ultimate magazine theme for WordPress.

400-ден аса бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды

381

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі емес діни ағымдардың зардаптарын көрсетуге бағытталған бейнефильмді және бейнероликтерді дайындау» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы қазан айында өз жұмысын қорытындылад. Жоба аясында сәйкес 5 бейнеролик және 1 бейнесюжет даярланып жергілікті телеарналардан, әлеуметтік желі беттерінен және халық көп шоғарланатын орындарда орналасқан теледидарлар мен ЛЭД экрандар арқылы жалпы 400 реттен аса көрсетілімі ұйымдастырылды. Даярланған бейнеролик пен бейнеюжеттің сценарийі Тапсырыс берушімен келісілді. Сонымен қоса аярланған бейнеролик пен бейнеюжеттің сценарийі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министірлі Қоғамдық келісім комитетінің дінтану сарапта басқармасының сараптамасынан өткізіліп ешқандай олқылықтар табылмай көрсетілімін ұйымдастыруға рұқсат етілді. Жобаның барысы жайында және жобаның тақырыбы аясында жергілік БАҚ-да және әлеуметтік желі беттерінде мақалалар жарық көріп БАҚ-мен қорытынды брифинг өткізілді.

Шахназар Жүсіпов,

жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.