Ultimate magazine theme for WordPress.

Жамбыл облысында мектеп оқушыларының саны артты

206

ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Биылғы оқу жылында жамбылдық мектеп оқушылары түрлі интеллектуалдық жарыстардан 70-ке жуық медаль алған. Бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова хабарлады. Оның айтуынша, облыс оқушылары 2015 жылғы оқу жылында республикалық, дүниежүзілік, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 68 медаль алған. «Облыс командасы 5-ші жыл қатарынан республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша командалық 1-ші орынды, 4-ші жыл қатарынан республикалық ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша командалық бірінші орынды иеленуі — әрине, облысымыз үшін үлкен абырой, әрі дарынды шәкірттердің Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жасаған үлкен тартуы болды», — деді Ж.Бекбатырова. Спикер білім деңгейінің басты көрсеткіштерінің бірі ҰБТ нәтижесі екенін атап өтті. Биылғы жылы жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде «Алтын белгіге» ұсынылған үміткерлердің басым бөлігінің өз білімдерін дәлелдеп, 120-дан жоғары балл алған бітірушілер үлесі артты, ҰБТ нәтижесі бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер саны кеміген. Жаңа оқу жылында облыстағы 450 мектепке 210 мыңнан аса оқушы келеді деп жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көбірек. Оның 26379 оқушысы 1-сыныпқа қабылданады.

 

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.