Қырғызстанда бір тәулікте екі рет жер сілкінісі тіркелді
Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі SOME ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін 3 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 07:32-де тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 495 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан», — делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9 болды. MPV магнитудасы — 4,5. Тереңдігі — 10 шақырым.