Таразға 70 жаңа автобус әкелінеді
Автобус парктерін жаңарту мақсатында 2023 жылдан бастап жыл сайын үлкен және орта сыйымдылықты 70 автобустан алу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-і 20 бірлік және «Әулиеататранспасс» ЖШС-і 3 бірлік «Zhong Tong» маркалы автобустар жеткізіп отыр. Сыйымдылығы кемінде 55 адамды тасымалдау мүмкіндігі бар бұл қоғамдық көліктер №11, №19, №46, №28, №55 маршрут бағыттарында қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін жоспарды толық орындау күтілуде.