Ultimate magazine theme for WordPress.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда

24

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастағаны белгілі. Онда партияның мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері аудан аумағындағы орындарды тазалауға атсалысуда.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен бүгін де «Таза бейсенбі» акциясы өз жалғасын тапты. Акция қатысушылары аудан орталығы Сарыкемер ауылын жағалай ағатын «Талас» өзені айналасындағы қоқыстарды тап-тұйнақтай тазартып, шөптерді шапты. Сонымен қатар, Сарыкемер ауылындағы тротуар бойларын ретке келітіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Шараға «AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, іскер әйелдер қауымдастығы мен мемлекеттік қызметшілердің «Руханият» волонтерлік қозғалысы және партия аудандық филиалының қызметкерлері белсене атсалысты.

— Әрбір тұрғын өзінің ауласының тазалығына, тұрғылықты жеріне жанашырлықпен қараса, ауданымыздың көркейіп — гүлденуі өзіміздің қолымызда екені белгілі. Баршамыздың қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау азаматтық парызымыз — дейді бізге берген сұхбатында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директоры Мұхтар Қозбаев.

Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал, қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді.

Аудан, ауыл тазалығы — баршаға ортақ іс. Өйткені, денсаулықтың кепілі — тазалық. Аудандағы тазалық, көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары жыл бойы жалғаса беретін болады.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.