Мексикада Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады
Мексикада әскери-теңіз күштеріне тиесілі Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты, — деп хабарлайды Хабар 24.
Оқиға Сан-Луи Потоси штатында орын алды. Тікұшақ орман өртін сөндіріп жатқан. Бірақ белгісіз себептерден құлап, апатқа ұшырады.
Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал ресми дерекке қарағанда, Мексика қарулы күштерінде ресейлік ондаған түрлі тікұшақ бар.