Бокстан Әлем чемпионатының ¼ финалы: Қазақстандықтар кімдермен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионатының ширекфиналдық ойындары өтеді. Жарыстың бұл сатысында қазақстандық жеті боксшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ал кешкі жекпе-жектер елорда уақытымен 20.00-де басталады. Бұл уақыттарда Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Доминикан Републикасынан келген Роан Поланкомен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) түркиялық Байрам Малканмен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) Германиядан келген Нелви Тилфакпен, Қайрат Ерәлиев (57 келі) өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездеседі.
Жартылай финалға жолдама алған боксшылар 20 қыркүйекте жұдырықтасады. Ал 21 қыркүйекте чемпиондар анықталады.
Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына 1993 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Содан бері барлығы 40 медальға қол жеткізді. Медальдің 11-і «алтын», 12-і «күміс» және 17-і «қола».
Бұан бұрын қазақстандық жеті боксшының ширек финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.