Ultimate magazine theme for WordPress.

Облыс әкімі Тараздағы жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

234

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралады. Ол жол жөндеу жұмыстарының барысымен, сондай-ақ бірқатар орта білім беру мекемелерінің нысандарымен танысты. Облыс әкімімен бірге Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев еріп жүрді.

Байзақ батыр көшесі бойындағы ұзындығы 1,17 шақырым болатын автожолды орташа жөндеу жұмыстарын «Тараз Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Оның құрылысына 20 адам, 12 бірлік техника жұмылдырылған. Мердігер компанияның директоры Майра Молдабаева Бердібек Сапарбаевқа жөндеу жұмыстары барлық технологиялық шарттарды сақтай отырып, кесте бойынша жүргізілетінін баяндады.

Автомобиль жолының Байзақ батыр көшесі бойындағы 1,17 шақырымдық учаскесін орташа жөндеуді «Тараз Құрылыс» ЖШС жүргізеді. Жұмысқа 20 адам, 12 техника жұмылдырылды. Мердігер компанияның директоры Майра Молдабаева Бердібек Сапарбаевқа жөндеу жұмыстары барлық технологиялық жағдайларға сәйкес кесте бойынша жүргізіліп жатқандығы туралы баяндады.

Өз кезегінде облыс әкімі жұмысты кешенді түрде жүргізу керектігін жеткізді. Автомобиль жолын жөндеумен қатар тротуар төселіп, арықтар реттеліп, қажет болған жағдайда жарықтандыру электр тіректерін жаңарту керек.

Облыс әкімі Айтиев пен Желтоқсан көшелеріне ат басын бұрды. Мамыр айының бірінші күнінен бастап «Арайстроймаркет-2003″ЖШС аталған көшелердегі автожолды орташа жөндеуден өткізуде. Компания директоры Мұратбек Есібаевтың айтуынша, жұмыс белгіленген мерзімде аяқталады деп көзделуде.

Ағымдағы жылы Таразда бірқатар білім беру нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары басталмақ. Атап айтсақ, Шалғай Қарасу тұрғын алқабында 600 орындық мектеп салу жоспарлануда. Мұнда мектеп жасындағы 800-ден астам бала тұрады. Тұрғын алқапта өзіндік оқу мекемесі болмағандықтан, олар күн сайын қалада орналасқан мектептерге қатынап оқуға мәжбүр. Жергілікті тұрғындардың өтініштеріне құлақ түрген әкімдік қаржы ресурстарын қарастырып, мердігерді анықтады.

Бердібек Сапарбаев жаңадан құрылыс жүретін орында болып жобалаушылар және мердігерлермен жобаны жан-жақты талқылады.
– Ғимараттар салу кезінде қатып қалған қалыптан арылып, ерекше және тартымды формаларды қолдану керек. Ең әуелі, ғимараттың қасбетінің тартымды болуына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Нысанның мүмкіндігінше жарық болғаны жақсы. Ол үшін бөлмеаралық қабырғаларды шыныдан жасау керек шығар. Акт залы сиымды және құрылыс нормалары мен ережелері сақталуы керек, – деді ол.

Ал, қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа нысанға жақын көшелерді асфальттау және көріктендіру-көгеріштендіру тапсырылды.

– Тараз қаласында өткен ғасырда салынған бірнеше мектеп бар. Олардың арасында ең ескісі – №22 орта мектеп. Оның бірінші корпусы 1980 жылы, екінші корпусы 1972 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі кезде аталған орында жаңа мектеп салу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп, қажетті қаржы бөлінген.

Бердібек Сапарбаевтың пікірінше ХІХ-шы ғасырдың соңында салынған ескі ғимаратты аймақтағы өлкелік музей ретінде сақтап, пайдалануға болады. Енді 10 күннен кейін №2 мектептің апатты жағдайдағы бірінші корпусы бұзу қолға алынады. Оның іргесі 1938 жылы қаланған. Жаңа мектеп 318 оқушыға арналған.

Ағымдағы жылы тағы да №16 және №4 мектептер жаңартылмақ. Ескі мектеп корпустарының орнына жаңа ғимараттар салынады. Олардың мердігерлері анықталып, тиісті қаржы бөлінген.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.