Ultimate magazine theme for WordPress.

Қазақстан автокөлік құралдарына арналған дизелді шығаруға тыйым салды

237

Тыйым мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік мүддесіне байланысты алты айға енгізілді.

Сурет : Wikimedia Commons29 Наурыз 2019, 13:04

ҚР Энергетика министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары — ҚР қаржы министрі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бірлесіп «Дизель отынын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

— Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралдарына арналған дизелді шығаруға алты айға тыйым салынды, — делінген құжатта.

Бұйрық «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңына сәйкес, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік мүддесіне байланысты жарияланып отыр.

Аталған бұйрық ресми түрде жарияланғанан кейін он күннен соң жүзеге асырылады.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.