Ultimate magazine theme for WordPress.

LRT құрылысына қатысты жағдайды жіті зерттеу қажет — Қасым-Жомарт Тоқаев

154

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың жуырда ғана тағайындалған жаңа әкімі Алтай Көлгіновке осындай тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке астананың әлеуметтік-экономикалық жайластыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет»,-деп жазды Қазақстан Президенті.

Осыған дейін  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалғанын жаздық.

kazinform.kz

 

 

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.