LRT құрылысына қатысты жағдайды жіті зерттеу қажет — Қасым-Жомарт Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың жуырда ғана тағайындалған жаңа әкімі Алтай Көлгіновке осындай тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке астананың әлеуметтік-экономикалық жайластыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет»,-деп жазды Қазақстан Президенті.
Осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалғанын жаздық.