Ultimate magazine theme for WordPress.

«Тілсіз жаудан» сақтану шаралары түсіндірілді

160

Жазды үлкендер де, балалар да асыға күтеді. Демалыс, табиғат аясына бару, суға түсу қызығы бұл маусымда таусылған ба? Осы кезеңде суға түсу қауіпсіздігін ескерген жөн. Су айдындарында және суда қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтамау, жүзу құралдарының талапқа сай емес түрлерін пайдалану, алкогольдік ішімдіктерді ішу кейде қайғылы жағдайларға әкеп соғады. Өкінішті, әрине! Төтенше жағдайлар департаментінің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 6 айында облыс аумағында суға батып кеткендер аз емес, оның ішінде кәмелет жасына толмаған 5 бала бар.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен 26-28 маусым аралығында білім бөлімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың, БАҚ өкілдері мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен Жамбыл, Байзақ аудандары мен Тараз қаласының аумағында шомылуға тыйым салынған орындарға рейдтік іс-шаралар өтті. Оның барысында Жамбыл ауданының «Сеңгірбай» көлі, Аса өзенінде және Тараз қаласы мен Байзақ ауданының аумағындағы Талас өзенінде шомылуға тыйым салынған 8 орын қамтылды. Рейдтік топтардың қатысушылары суға түсуші және демалушы азаматтармен судағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі, жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салу және өрт қаупінің жоғары болуына байланысты от жағуға жол бермеу туралы әңгімелер жүргізді. Одан бөлек, балаларды қараусыз қалдыру және балалардың отпен ойнауына тыйым салу мәселелері қозғалды. Жаднамалар, буклеттер мен кітапшалар таратылды.
– Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жуалы ауданының «Тау самалы», Байзақ ауданының «Болашақ» және «Кооператор» қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерьлерінде балалар мен тәрбиешілер арасында түсіндіру шараларын өткізді. Құтқарушылар балаларды алғашқы жүзу дағдыларына үйретіп, суда апатқа ұшыраған адамдарға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету және құтқару әдістерін көрсетті, – дейді Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Денис Охрименко.

Ерман Әбдиев

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.