Ultimate magazine theme for WordPress.

Facebook-ке ірі мөлшерде айыппұл салды

178

Түркияның жеке деректерді қорғау жөніндегі кеңесі Facebook компаниясына 1 миллион 650 мың түрік лирасы көлемінде айыппұл салды. Бұған компанияның Түркияда өмір сүретін 300 мыңнан астам әлеуметтік тармақ пайдаланушыларының құпиясын сақтай алмағандығы себеп. Бұл туралы жеке деректерді қорғау жөніндегі кеңесінің ресми парақшасында жарияланды. Оған сәйкес, заң бұзушылық әлем бойынша 6 миллион 800 мың әлеуметтік парақша қолданушысы мен 1500-ге жуық бағдарламалық қосымшаға да әсер еткен. Бұдан бөлек, тексерісте 2018 жылдың 13-25 қыркүйек күндері болған заң бұзушылықта уақтылы шара қолданылмай техникалық және әкімшілік шараларға араласпаудың жетіспеушілігі анықталған. Алайда түрік билігінің салған айыппұлы Facebook үшін түкке тұрмайтын арзымайтын ақша. Өйткені компания мұндай айыппұл көлеміндегі соманы әр 5 минутта қоржынына салып отырады. Facebook әлеуметтік тармағының таза пайдасы ағымдағы жылдың сәуірінде 15,1 миллиард АҚШ долларын құраған.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.