Ultimate magazine theme for WordPress.

«Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында еркін форматта кездесу өтті

156

Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында еркін форматта кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Д.Ускумбаева, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің басшысы М.Жинақбаева, Тараз қаласында орналасқан 60 мектеп директорлары, мектеп директорларының «Адал ұрпақ» клубының жұмысына жауапты орынбасарлары, ата-аналар мен көшбасшы оқушылар қатысты.
Кездесуде мектептерде «Адал ұрпақ» клубтарының жұмыстары жайлы директорлар әзірлеген баяндамалар тыңдалып, талқыланып, Р.Төлебаев білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлықпен күресуде парасаттылық қағидаттарын енгізудің маңыздылығына тоқталып өтті. Ол үшін «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысын жандандырып, тұрақты түрде «Адалдық сағаттары» мен парасаттылық дәрістерін өткізу керектігі айтылды.
Сонымен қатар, Республикалық деңгейде өтіп жатқан #параберме челленджін жалғастырудың маңыздылығы мен мерекелік кештерде «Ұстаздар сыйлық алмайды» акциясын ұйымдастыру керектігі туралы айтылды.
Кездесу соңында облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Д.Ускумбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы М.Жинақбаева және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Аманбек «Өзара жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» меморандумына қол қойды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.