Ultimate magazine theme for WordPress.

Жамбыл облысында жаңа COVID-19 оқиғасы анықталды

146

2020 жылдың 10 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайы анықталды.

Науқас 1999 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін провизорный стационарға жатқызылған. Одан коронавирусқа алынған талдау оң нәтиже көрсетіп, науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды.

Қазіргі уақытта байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.

Ағымдағы жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 179 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 87, Байзақ ауданында – 17, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында – 37, Меркі ауданында — 4, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушыларынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.

Жалпы індет жұқтырғандардың 84-і емделіп, үй карантиніне шығарылды. Олар дәрігерлердің бақылауында болады.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.