Жамбыл облысының тоғыз тұрғыны коронавирустан айықты
Жексенбі, 10 мамыр күні Жамбыл облысында 5 және 63 жас аралығындағы тоғыз адам коронавирустан сауығып шықты. Оның ішінде облыс орталығының сегіз және бір Байзақ ауданының тұрғыны бар.
Індет жұқтырғандар екі апта бойы инфекциялық стационарда болып, ем қабылдау шараларын ойдағыдай өткізді. Алгоритмге сәйкес, олардан КВИ-ға екі рет бақылау зертханалық талдаулар алынып,емделгендерін растады.
Алдағы екі апта бойы олар үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.
Жалпы өңірде КВИ-дан 84 адам емделіп шықты.