Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өтті
Бүгін Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Жиында «Жастар ресурстық орталығы» 2022 жылдың 12 айында атқараған жұмыс нәтижесі айтылды.Тараз қаласының жалпы тұрғындар саны 363 731 адамды құраса, оның 76 175-і 14 пен 29 аралығындағы жастарды құрайды. Яғни, қала халқының 20,7%-ын жастар құрап отыр. Қала жастарының 65 811-і яғни, 86%-ы мектеп оқушылары мен ЖОО, АОО студентері. Қала жастарымен Жастар ресурстық орталығы 11 бағыт бойынша 2022 жылдың 12 айында 740 іс-шара (2021 жылы 12 айында 628 іс-шара) ұйымдастырылып, 25850-ден астам адам қамтылған.
2022 жылы 12 айында «Жасыл Ел» жобасы, «Зейін» әлеуметтік жобасы, «Жас саясаткер» жобасы, «3 күнде Тараз қаласына жаңа серпіліс» жобасы, «Taraz Job» атты техникалық мамандық бойынша жобаларлы іске асырылды.
2022 жылдың ақпан айынан бастап қала көлемінде «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыс жүргізді. «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатарына қала көлемінде 502 жас тартылып, жастар басқармасы тарапынан берілген индикатор толықтай орындалғандығы айтылды.
Кеңеске қала әкімінің орынбасары Б.Сариев және кеңес мүшелері қатысты. Кеңес барысында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Есіркепов Абзал Есенұлы жәнеТараз қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Атиннің баяндамалары назарға алынып, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Намелбек Азамат Намелбекұлы, «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төраға орынбасары Әбуғали Ерғали Рүстемұлы мен т.б. белсенді жастардың ұсыныстары тыңдалды.
Сөз соңын Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бақдәулет Сариев қорытындылады.