Ultimate magazine theme for WordPress.

Тараздағы аурухана емделушілерінің арасында анонимді сауалнама жүргізілді

159

«Жамбыл – Адалдық алаңы» жобасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау бойынша «Сенім жәшігі» акциясы аясында қаладағы перзентхана, ауруханалар мен емханалардың қызметкерлерінің және емделушілерінің арасында анонимді сауалнама жүргізді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Қ.Төлебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Х.С.Мырзақасымов, облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерінің, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшылары, арнайы мониторингтік топ мүшелері, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтайландыру арқылы үнемделген қаражатты қызметкерлерді ынталандыру шараларына жұмсау жұмыс тиімділігін арттыруы тиістігі айтылды.

Облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінің бірқатар басшылары қазіргі қызметінде 10 жылдан астам уақыт отыр. 20 жылдан астам уақыт бір мекемеде бірінші басшы лауазымын иеленіп отыру фактісі де кездеседі. Бірінші басшының өз лауазымында тым ұзақ отыруы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болу себебі ретінде қарастырылды. Сондықтан, осы мәселеде басшыларды кезең-кезеңімен ауыстырып отыру ұсынылды.

Меркі, Т.Рысқұлов, Талас, Мойынқұм аудандық ауруханалары азаматтардың білместігін пайдалана отырыпнаркологиялық және психоневрологиялық анықтамалар беру үшін ақылы қызмет көрсеткен.

Сәуір айында Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов, Мерке аудандық орталық ауруханаларында және Тараз қалалық №5 емханада№086 нысандағы медициналық анықтаманы белгілі бір ақшаға (3 500 -10 000 теңге аралығында) қажетті процестерді өтпестен жасап беру фактілері анықталды.

Сонымен қатар, өткен айда «Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру» орталығына жүргізілген «Жасырын тұтынушы» әдісімен жүргізілген шаралар барысында, тиісті медициналық сертификатты 55 000 теңгеге заңсыз жолмен алу мүмкіндігі бар екендігі анықталып, бейнетаспаға түсіріп алынды. Материал жиынға қатысушыларға көрсетіліп, талқыға салынды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.