Ultimate magazine theme for WordPress.

Қырағы дәрігер

177

Ақ халатты абзал жан қылмыскердің жолын кесіп, қолға түсірді. Оқиға  кәсіби мерекеге пара-пар яғни, 15-маусым күні сағат 13:40 Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Әдеттегідей тиесілі кезекшілігін аяқтап,үйіне бет алған  түзеу мекемесінің санитарлық-медициналық бөлім бастығы, әділет капитаны Бегжан Асанов түзеу орнының А.Асқаров көшесі бойынан күдікті көлікті байқайды. Жылдамдығын бәсеңдетіп, көлік айнасынан назар салса, жеңіл автомобилден түскен  жігіт қалың көлік нөпірін өткізе мекеменің ішкі күзет аумағына қоршауды асырып барып, дөңгелек пішіндес ораманы лақтырып жіберіп, ізін суытуға асығады. Мұны байқаған дәрігер шапшаң әрекет етіп, еш ойланбастан бұзақыны құрықтауға бел байлайды. Көлігімен жолын қақпайлап, күдікті азаматты бірден тұтқынға алды. Ол 29.03.1988 жылғы Тараз қаласының тұрғыны Ерболат Тәжібаев екендігі анықталып отыр. Осы тұста кезекшілік бөлімінің аға лейтенанты Медет Балқыбеков түрме территориясының 2-аумағынан «скотчпен» оралған «Fly» маркалы ұялы байланыс құралын тәркіледі. Мекеме тәртібін бұзып, заңбұзушылыққа барған тараздық тұрғын алғашында қарсылық танытқанымен, кейін қылмысын толық мойындады. Алдағы уақытта  әкімшілік құқықбұзушылық туралы 481 бабқа сәйкес іс қозғалып, жауапкершілікке тартылмақ. Ал Гиппократ антына берік, еңбегіне адал ақ халатты жанның ерлігі көпке үлгі.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.