Ultimate magazine theme for WordPress.

Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы

236

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдықадамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.

Осыған орай Меркі ауданына мемлекеттік қызметшілер әдебінің сақталуы мәселесі қозғалған семинар өтті. Жиынға облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Айнұр Әбішева, облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы Айжан Көшербаева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Руслан Шарипов, сонымен қатар, Т.Рысқұлов, Қордай, Шу, Мойынқұм аудандарының әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

Семинар отырысында Айнұр Әбішева ҚР Президенті әкімшілігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізген кешенді тексеру кезінде мемлекеттік қызметшілердің тәртібі бойынша бірқатар кемшіліктер анықталғанын айтып, семинар барысындада кеткен қателіктерді болмадырмау жолдарын кеңінен баяндады.

Сонымен қатар тәртіптік жаза беру, тәртіптік жазаны алу, яғни, тәртіптік комиссияның жұмысын жүргізу жұмыстарының тәрті түсіндіріліп,  мемлекеттік қызметшілердің міндеті мен заң аясындағы құзыреті, олардың үстінен шағым түскен жағдайда немесе мемлекеттік қызметшінің тарапынан тәртіптік теріс әрекет жасалған жағдайда тәртіп комиссиясының заң аясындағы қолданатын іс-шаралары секілді міндетті шараларды жекелей түсіндірді.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.