Ultimate magazine theme for WordPress.

Жамбыл облысында COVID-2019 бойынша алты жаңа жағдай анықталды

155

Соңғы тәулікте облыста коронавирустық инфекцияның 6 жаңа жағдайы тіркелді.

Атап айтқанда, үш науқас 11 мамыр күні анықталған. 2001 жылы туған емделушілердің бірі Меркі ауданының тұрғыны. Ол байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға жатқызылып, тексерілді. Зертханалық талдау оң нәтиже көрсетті.

Екінші науқас 1998 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны. Ол да бұған дейін ауырған адаммен байланыста болғандықтан, карантиндік ауруханаға орналастырылған.

Сонымен қатар, инфекция 1986 жылы туған Тараз қаласының тұрғынынан да анықталды, ол жоспарлы түрде тексерістен өткен.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 12 мамырында COVID-2019 бойынша тағы үш жағдай анықталды. 1957, 1949 және 1963 жылдары туған науқастар облыс орталығының тұрғындары болып табылады. Үшеуі де медициналық мекемеге ЖРВИ белгілерімен жатқызылған. Коронавирус инфекциясына алынған зертханалық зерттеулер оң нәтиже көрсетті.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Байланыста болған тұлғаларды анықтау, оларды ауруханаға жатқызу және тестілеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, үстіміздегі жылдың 12 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 185 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында — 91, Байзақ ауданында — 18, Жамбыл ауданында — 6, Кордай ауданында — 37, Меркі ауданында – 5, Шу ауданында — 2, Мойынқұм ауданында — 1. Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушыларынан 6 жағдай, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталған.

Барлық індет жұқтырғандардың 91-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.