Ultimate magazine theme for WordPress.

Жаңа Зеландияда болған атыстан тоғыз адам қаза тапты

150

Ал жапа шеккендер саны 40-50 адамды құрап отыр.

Сурет : stuff.co.nz15 Наурыз 2019, 09:57

Жаңа Зеландияда болған атыстан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Stuffпорталы жазады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапа шеккендер саны 40-50 адамды құрап отыр. Қалалық ауруханаға алты адам түскен, оның екеуінің жағдайы тым ауыр. Порталдың мәліметінше, ауруханада интесивті терапия бөлімі босатылған. Билік өкілдері қала тұрғандарын аса қажеттілік туындамаса мекемелерге бармауды сұрайды.

Мешітке қарулы полиция бөлімшелері тартылған. Мектептер түгел жабылыпты. Тұрғындардан өз үйлерінде қалу сұралады.

Куәгерлердің айтуынша, әскери киім киген, көзілдірігі мен шлемі бар бір ер адам автоматты қарудан оқ жаудырған. Мешітте барлығы 300-дей адам болған көрінеді.

Нақтыланбаған мәліметтерге сүйенсек, Стрикленд Авенюде жарлығыш зат табылыпты.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.