Ultimate magazine theme for WordPress.

6 азаматтың құжаты сотқа жолданды

199

ҚР ІІМ-нің бастамасымен елімізде 14-23 ақпан аралығында «Пробация» атты құқық бұзушылыққа қарсы республикалық іс-шара өтуде. Шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу.

Бұл шараға пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылып, мамандар күшейтілген қызмет түріне көшті. Шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекен-жайлары бойынша тексеріп, тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізуде.

Бүгінгі таңда Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің есебінде тұрған 70 сотталған азамат тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерілді. Іс-шара барысында жаза өтеу талаптарын бұзған 10 жазасын өтеушіге ескерту берілді. Ал 1 азаматтың пробациялық бақылау мерзімін ұзарту және 5 адамның бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру үшін Тараз қалалық №2 сотына ұсыныстар жолданды.

Әмина МАСАТБАЙ,

Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің ювеналды инспекторы

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.