Ultimate magazine theme for WordPress.

Дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын айтты

139

Адам жанының сақшысы саналатын дәрігерлерге алғыс, ілтипат айтылып, ақ баталар беріліп жататыны орынды. Қолы жеңіл, мінезі жұмсақ, оған қоса кәсіби білгірлігі биік деген теңеулердің ақ желеңді абзал жандарға айтылуы заңды.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан В. Ш. есімді азамат бойын дерт дендеп, жаны қысылғанда дер кезінде жәрдем берген мекеменің медициналық қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Мекеме медициналық бөлімінің қызметкерлеріне жазған алғыс хатында сотталған іш қуысына жасалған отадан соң пайда болған асқыну кезінде оның айығып кетуіне барын салған ақ халатты абзал жандарға ақжарма тілегін арнаған.

«Осы жылдың наурыз айында мен отадан соңғы ауырлық туындаған соң медицина бөліміне жүгінген едім. Уақытында қабылданған шаралар нәтижесінде маған қайта ота жасалып, сәтті өтті. Қазіргі уақытта өзімді жақсы сезінемін. Осы ретте бөлім қызметкерлері мен басшысы Гүлшат Медетбекованың кәсіби біліктілігін ерекше атап өткім келеді. Ол кісінің бас болуының арқасында мен аз уақыт ішінде аяққа тұрдым» – дейді В. Ш. өз хатында.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.