Ultimate magazine theme for WordPress.

Дұрыс тамақтанудың маңызы зор

78

Шымкент қаласында 22-23 ақпан аралығында  Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығы күндері аясында ҚР ПІБ МО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК эпидемиологиялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша тренингтер мен шеберлік сағаттарын өткізеді.

Бүгінгі күні профилактикалық медицина аурулардың алдын алудың негізгі құралы ретінде танылды әрі ең сәтті және үнемді шара.

22 ақпанда «Халықтың денсаулығын қамтамасыз ету кезінде ҚР ПІБ МО СЭСО зертханалық зерттеулерінің өзектілігі» тақырыбы бойынша тренинг өткізді. Азық-түлік қауіпсіздігі мен тәуекелдерді бағалау негізінде зертханалық бақылауды қамтамасыз ету, оған 60 -тан астам тамақ объектілерінің өкілдері мен қоғамдық тамақтануды ұйымдастырушылар, оның ішінде мектептер мен денсаулық сақтау объектілері де қатысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын әлемде 600 миллион адам ластанған тағамдарды жегеннен кейін оның әрбір 10 адамы ауруға шалдығады екен. Қауіпті тамақ өнімдері 200-ден астам жіті және созылмалы аурулардың пайда болуына әкелі соғады.

Қазақстанда жыл сайын, тамақ объектілерімен байланысты жаппай тамақтан улану және жіті ішек ауруларымен ауру жағдайлары тіркеледі.   Осыған байланысты, мектептер мен балабақшалардағы тамақ өнімдерін өндірушілер мен тамақтануды ұйымдастырушылар үшін өзекті мәселелердің бірі  – тұтынушы үшін қауіпті өнімді тұтынумен байланысты тәуекелді азайту. Кәсіпкерлердің бүкіл әлемде қолданылатын үздік халықаралық құралдарға негізделген азық-түлік қауіпсіздігін басқару бойынша ең үздік тәжірибелерді қолдануы  қауіпті өнім өндірумен байланысты тәуекелдер мен экономикалық шығындарды азайтуға көмектеседі.

Ағымдағы жылдың  23 ақпанында Шымкент қаласының ДСБ мамандарымен бірлесіп медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері мен емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Стационарда инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау бағдарламасын (ИАИБ) енгізуді қолдау. БМСК деңгейінде иммундауды ұйымдастыру»  бойынша шеберлік сағаты өткізілетін болады.

Бұл ретте медициналық қызметтердің қауіпсіздігін және жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдық денсаулық сақтау саласында елеулі проблема болып табылатын медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың (бұдан әрі − МКБИ) алдын алуға маңызды рөл беріледі. Микроорганизмдердің микробқа қарсы препараттарға төзімділігін мониторингілеу бойынша үздік тәжірибелерді енгізу және олардың ұтымды болуы – МКБИ-ты қадағалау бойынша маңызды компонент . Сондай-ақ пациенттер мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің ауруды жұқтырудың алдын алу бойынша практикалық және ғылыми негізделген тәсілмен тиімді инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және іске асыру − медициналық ұйымның инфекциялық әл-ауқатының кепілі.

Денсаулық сақтау жүйесінің табысты жұмыс істеп тұрған ажырамас бөлігі ол − күшті иммундау жүйесі. Профилактикалық егулер жұқпалы аурулардың алдын алудың ең оңай және тиімді әдісі екенін бәріміз білеміз.  Ал ҚР профилактикалық егу күнтізбесі әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ұлттық иммундау саясатын іске асыру – әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен денсаулығының іргетасы.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.