«Есептегі тұлға» атты республикалық профилактикалық іс-шара өтуде
Биылғы жылдың 15 мамыр мен 25 мамыр аралығында «Есептегі тұлға» атты республикалық профилактикалық іс-шара өтіп жатқаны белгілі. Шара аясында пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбай жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу көзделуде.
Бұл күндері Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің есебінде тұрғандар арасында бірнеше заң бұзушылықтар анықталды. Нақтылай түссек, С есімді есептегі азаматтың сот жүктеген міндеттерді бірнеше рет өрескел бұзғаны белгілі болды. Тексеріс барысында ер адамның түнгі мезгілде тұрғылықты мекен-жайында болмағаны анықталған. Пробация қызметкерлерінің ұсынысына сай, осы азаматқа қатысты онлайн сот отырысы өтіп, нәтижесінде №2 қалалық соттың үкімімен оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады.
Айта кетейік, шара аясында заңды бұзған өзге де 7 азаматқа қатысты сот үкімі шықты.