Ultimate magazine theme for WordPress.

ЖД-158/7 МЕКЕМЕСІНДЕ ЗАҢСЫЗ ЗАТТАР ТӘРКІЛЕНДІ

158

Темірдей тәртіп орнаған түзеу мекемесінің қатаң ережесін бұзып, амалын асырғысы келетіндер тиылмай тұр. Жазасын өтеп жатқан жақындарына оңай жолмен жәрдемдескісі келіп түрлі құқықбұзушылыққа барады. ЖД-158/7 мекемесінде тағы да қылмыстық әрекет орын алды. Құйтырқы іске барғандар қапас қоршауын асырып, белгісіз қорапты ішкі күзет аумағына лақтырмақ болған. Қырағылық танытқан жедел бөлімінің жедел уәкілдері Әділет Джарықбасов,Ерзат Шалабек, Бақдәулет Тұрсынбек  арқасында олқылық дер кезінде анықталып, орны толтырылды. №5 күзет аумағынан тәркіленген белгісіз зат, жабысқақ орамаға әбден маталған қорап ішінде екі бірдей «Nokia» маркалы ұялы телефоны мен 2 қуаттағыш құрылғы бар болып шықты. Күдікті азамат қылмыс үстінде ұсталса, ол 22 жасар Тараз қаласының тұрғыны екендігі анықталып отыр. Тиым салынған дүниелерді түзеу мекемесінің күзет аймағына өткізбек болғаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481 бап 1 тармағына сәйкес іс Тараз қалалық әкімшілік сотына жолданды.

 

ЖД-158/7 МЕКЕМЕСІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

 

 

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.