Ultimate magazine theme for WordPress.

Жамбылда күштік құрылым қызметкерлері бірлесе жұмыс істеуде

215

Өңірлік ҚАЖ департаменті мен өңірдегі Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімінің басшылары қатуысуымен өткен жиында аймақта тиісті деңгейде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі сөз болды.

ҚАЖ департаменті бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың төрағалығымен өткен басқосуда ҚР Ұлттық Ұлан Бас қолбасшылығы мен ҚАЖ комитеті өткізген ведомство аралық кеңесте қойылған талаптардың орындалуына аса назар аударылды. Бұл ретте Ұлттық Ұлан 5513 әскери бөлім командирі полковник Данияр Джагипаров сөз алып, әскери қызметшілер қоғам игілігі үшін еңбек ететіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, жиын барысында аймақтық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов ведомство аралық және одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыға салды.

Кездесу соңында жамбылдық күштік құрылым қызметкерлері төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша жұмысты жандандыруға, күнделікті жұмыста кездесетін проблемалық мәселелерді бірлесе шешуге уағдаласты.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.