Ultimate magazine theme for WordPress.

10 азаматқа жеке бағдарлама жасалды

190

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» дейді қазақ. Өмір жолында жаза басып, түзеу мекемесіне түскендердің қайты тәрбиеленіп, қоғамға бейімделуіне қыруар күш салып жатқан ҚАЖ саласы қызметкерлері әр азаматтың бостандыққа шыққанда өз орнын табуына баса назар аударып келеді.

Әсіресе, пробация арқылы жазасын өтеп шыққандардың өмірге қайта араласып кетуіне мүмкіндік мол жасалуда. Осыған орай, жаза мерзімінің аяқталуына аз қалған сотталғандардың арасында тыңғылықты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған бағытталған шаралардың бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде өтті. Босатылуына 1 жыл қалған жазасын өтеушілердің қатысуымен өткен семинарға №1 Тараз қалалық пробация қызметі бөлімінің орынбасары О. Бектаев, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бас маманы М. Амреев қатысты. Басқосу барысында пенитенциарлы пробацияға түскен 10 сотталғанға жеке бағдарлама жасалды.

– Босатылуына бір жыл қалған сотталғандар пенитенциарлы пробацияға түседі. Пенитенциарлы пробацияға түскен сотталғандарға мекемедегі ЕТҚ инспекторлары пробация қызметкерлерімен бірлесе әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша сотталғандарға арналған жеке бағдарламалар дайындайды. Сотталғанның арызы бойынша мұқтаж соталған азаматтарға әлеуметтік психологиялық көмек көрсетіледі. Оның ішінде тұрмыс пен еңбекпен қамтуға баса назар аударылған, – дейді семинар ұйымдастырушысы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/2 мекемесінің САТӘПжБ ЕТҚЕ инспекторы, әділет лейтенанты К. Әбдімомынова.

К. Әбдімомынова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/2 мекемесінің

САТӘПжБ ЕТҚЕ инспекторы, әділет лейтенанты

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.