Ultimate magazine theme for WordPress.

Ерейментау ауданында «Бала арманы» атты қайырымдылық бал кеші ұйымдастырылды 

143

Науқас балаларға көмек көрсету мақсатында «Ақмола облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен аудандық әкімдік қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған бұл игі іске жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері қатысты. Бал кеші шеңберінде қолөнер туындыларының саудасы және аудандық мәдениет үйінің әртістері мен балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Қайырымдылық шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 900 мың теңгеге жуық қаржы жиналды. Ұйымдастырушылар бұл қаржының бір бөлігін Түркияда ота жасатуды жоспарлап отырған Ислам Хасеновтің жол қаражатына берді. Өзге де шығындары үшін көмек көрсетілді. Жалғызілікті Анджела Землянойдың отбасына пәтер жалдау, көмір және азық-түлік сатып алуға жәрдемдессе, қалған қаржы кішкентай Алинур Хабибуллинді сауықтыруға бағытталатын болып шешілді. Байқал БАЙӘДІЛ, «Egemen Qazaqstan» Ақмола облысы

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.