Ultimate magazine theme for WordPress.

Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы

178

«Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсыры бойынша»

Соңғы уақытта интернет желілері діни ақпаратты жедел әрі түрлі форматта таратуға, алмасуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге, интернеттің дамуы білім алу, денсаулық сақтау, техника, қоғамдағы қарым-қатынас, адам баласының өмір сүру үрдісін күрт өзгертіп, чаттар, форумдар, түрлі сайттар адам өмірін тұтас қамтитын болды. Бұл ақпараттық алаңда түрлі теріс пиғылды ағымдардың бар екендігі және жалған діни ақпаратты қоғамға іріткі салу мақсатында таратып жатқандығы анық. Қазақта жақсы мақал бар «Тауық сойса да қасапшы сойсын деген». Қандай сұрақ болмасын, сол саланың маманынан сұраған жөн. Дін мәселесінде де солай. Интернеттегі сенімсіз ақпаратқа жүгінгенге қарағанда, мешіттің имамынан сенімді ақпаратты алған дұрыс. Егерде жастарымыз интернеттен немесе сенімсіз діни кітаптардағы ақпараттарды оқымай, барлығы мешіт имамдарының айтқан сөздерімен жүріп, мешіт имамдарының көрсеткен діни әдебиеттерін оқитын болса, елімізде теріс діни бағыттағы діни бірлестіктердің жолдары кесілетін еді.

 

Бахтияр Амиреев,

«Һибатулла Тарази» облыстық

орталық мешітінің найб имамы

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.