Ultimate magazine theme for WordPress.

Еңбеккер мүддесі ескерусіз қалмайды

159

Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында  «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық мәслихатындағы фракция мүшелерінің  кәсіподақ және кәсіподақ активінің мүшелерімен кездесті. Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы Эльмира Мырза Ғали жетекшілік еткен басқосуда тараптар азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелерін сөз етті.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің облыстық  филиалының төрағасы Дүйсеналы Бықыбаев сала мамандарын ынталандыру, олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мәселесін көтерді.

– Біздің кәсіподақ жетекшілік жететін салаларда 30 жылдан астам уақыт бойы үзіліссіз еңбек етіп жүріп, бірде де марапатқа ұсынылмағандар бар. Лайықты адамдарға көрсетілген құрмет пен марапаттардың оларды нәтижелі жұмыс істеуге ынталандыратынын ескерсек, бұл мәселенің өзектілігіне көз жеткізу қиын емес. Сондай-ақ Президент Жолдауынан туындаған міндетке сай мәдениет саласы қызметкерлерінің айлық жалақысы өсті. Спортшыларға да 25 пайыздық үстемеақы төлеу мәселелері шешілді. Алдағы уақытты сала мамандарына өңірдегі тарихи-археологиялық орындар мен көрікті жерлерге сапарлату бойынша турлар ұйымдастырылса деген ұсыныс бар, – деді Дүйсенәлі Дыбысалыұлы.

«Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық және кадр мәселелер жөніндегі бас маманы Әлия Жолшибекова педагогтардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесінің қорғалуы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.