Ultimate magazine theme for WordPress.

Қазақстан Израиль, Қытай, Оңтүстік Кореяға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттамақ

138
Қазақстан Израиль, Қытай, Оңтүстік Кореяға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттамақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  — Қазақстан Израиль, Қытай, Оңтүстік Корея сынды елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агроөнеркәсіп саласын дамыту бағдарламасын іске асыру аясында өңірден ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға  дейін кем дегенде 2,5 есе арттыру міндеті тұр. Осыған орай ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет», — деді Үкімет басшысы.

Осы ретте Асқар Мамин 2017  жылы Қазақстанның барлық өңірі аусылдан таза аймақ мәртебесін алғанын еске салды.

«Осының арқасында Иран, Араб Әмірліктеріне, Сауд Арабиясына мал шарушалығы өнімдерін экспорттауға шектеулер алынды. Тисті шарттар келісілді. Қазіргі таңда Израиль, Қытай, Оңтүстік Корея және басқа да елдермен осы бағыттта келіссөздер жүргізілуде», — деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша,  ағымдағы жылғы наурызда Қазақстанның фитосанитарлық қызметі 30 мың кәсіпорынды тексеріп, олар Қытайға бидай өнімін экспорттаушылар тізіміне енгізілді.

«Ветеринарлық және фитосанитарлық кедергілерді алу және өткізу нарықтарын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Қазақстанның жоғары сапалы және экологиялық таза өніммен қамтамасыз ететін сенімді көзге айналуға барлық әлеуеті бар деп айтуға болады», — деді Асқар Мамин.

Осыған орай Асқар Мамин  Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге бірқатар мәселеге ерекше назар аударып, нақты шараларды қолға алуы керектігін ескертті.

«Біріншіден — тұрақты эпизоотиялық ахуалды қамтамасыз ету,  мал қорымы орындарын ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкестендіру, егіс алқаптарын зиянкестерге қарсы өңдеу шараларын уақытылы қабылдау, тиімді ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды қамтамасыз ету. Бұл ретте, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен өзара саудаға қатысты жасалған келісімдер аясында тиісті рәсімдерді жүргізу қажет. Аталып өткен іс-шаралар  өнеркәсіп саласын дамыту бағдарламасында қарастырылған және оларды қамтамасыз ету керек», — деді ол.

 

kazinform.kz

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.