Ultimate magazine theme for WordPress.

Б.Сапарбаев Байзақ ауданындағы құрылыс барысымен танысты

177

Мерекеге қарамастан, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 9 мамыр күні Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Ондағы мақсат – ауылдарды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы кездесіп отырған мәселелермен танысу.

Айта кету керек, биыл Байзақ ауданына 173 жобаны жүзеге асыруға 12,9 млрд. теңге бөлінген десек, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 6,3 млрд. теңге және өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 3,3 млрд. теңге қарастырылған.

Бурыл ауылында ағымдағы жылдың наурыз айында 300 оқушыға арналған орта мектептің құрылысы басталған. Жобаның сметалық құны — 1,2 млрд. теңге. Мердігер ұйымның директоры Еркін Құлманбетовтың айтуынша, нысанда  жұмыс кесте бойынша жүруде, ешқандай мәселелер туындап отырған жоқ. Жаңа мектеп ғимараты келесі жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Құрылыс барысымен танысқан облыс әкімі жұмыс қарқынын жеделдетіп, екі ауысым бойынша ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар, құрылыс сапасын назарда ұстауды тапсырды.

Көктал ауылында Бердібек Сапарбаев аудан әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге спорт алаңының құрылысын, ал Қостөбе ауылында су қабылдау кешенінің құрылысын аралап көрді. Аймақ басшысы аудан орталығы – Сарыкемер ауылында Ағаділ Суханбаев атындағы демалыс саябағын абаттандыру барысымен танысты. Қазіргі уақытта мұнда спорт және балалар алаңы салынуда. Жұмыс аяқталуға жақын. Ауылда су жинау кешенінің құрылысы және сумен жабдықтау желісін қайта жаңғырту шаралары атқарылуда.

Бердібек Сапарбаев жұмыстың сапасы мен қарқыны туралы бірқатар міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, су жинау кешенің салушы мердігерге  ұйым басшысына нысанды жоспарда көрсетілгендей келесі жылы емес, ағымдағы жылы паудалануға беру туралы баса айтты.

— Карантинге байланысты біз көп уақытты жоғалтып алдық. Енді жұмысты жылдамту керек, ол үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланған маңызды,- деді ол.

Талас ауылында аймақ басшысы «Молвид» ЖШС сүт өңдеу цехында болды. Бұл серіктестік сүт өнімдерінің 18 түрін шығарады. Таразда іске асырудың 7 пункті бар. Сондай-ақ өз өнімдерімен әскери бөлімдерді қамтамасыз етіп, Алматыға да жібереді.

Сүт компаниясының болашаққа жоспары ауқымды. Ол үшін кәсіпорын басшылығы жеңілдетілген несие алуға ниетті. Б.Сапарбаев бұл мәселеде көмектесуге уәде берді.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қызыл Жұлдыз ауылындағы кеспе және макарон өндіретін кәсіпорынға да ат басын бұрды. «Рола-Ян» ЖШС нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істеуде. Алайда, жуырда онда қаржылық мәселелер туындаған. Кәсіпорын қазіргі уақытта оңалту режимінде тұр.

— Біз бұл мәселені саралап, мәселенің оң шешімін табуымыз керек. Мұндай кәсіпорындар тоқтап қалмауы керек, — деді аймақ басшысы аудан әкімі Н.Нұржігітовке.

Сапар қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданының басшылығына бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Біріншіден, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын жеделдету тапсырылды. Бюджеттен қаражат бөлініп, мердігерлер анықталған. Бірақ кейбір жобалар бойынша жұмыс әлі басталмаған. Мұндайға жол бермеу керек. Қаражатты игеру, адамдарды жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру қажет.

— Мемлекет тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, қамқорлық жасау үшін нақты шаралар қабылдап жатқанын сезінулері керек. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жұмыс аясын кеңейту, барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалану қажет, — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, өңір басшысы бұл мәселелерде жақында құрылған жұмыс топтарына жүктелетін жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Алайда олардың тарапынан қолға алынған нақты іс-әрекеттер әлі байқалмайды. Олардың қызметін жандандыра түсу керек.

 

 

Сондай-ақ, ауданда елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар әлсіз жүргізілуде. Тіпті аудан орталығында көптеген көшелерді айтпағанда, шалғай ауылдардың  сырт келбетіне қатысты мәселелер бар. Ғимаратардың қасбеттері, электрмен жарықтандыру тіректері, шағын сәулет нысандары жаңартуды қажет етеді.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.