Ultimate magazine theme for WordPress.

Шығыс Қазақстанда екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

65

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Мұны облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz мәліметінше, Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбектің кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растады. Олар студент және 6-сынып оқушысы.

«Оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған, бұл суицид пе, жоқ па — оны полиция анықтайды», — деді ол.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.