Ultimate magazine theme for WordPress.

Астана күнін» ЖД-158/7 мекемесі 3 күн тойлады

153

Елдіктің тойы Елорданың 22 жылдығын Тараздағы ЖД-158/7 мекемесі де кең көлемде атап өтті. Бүгін бастау алған атаулы күн түзеу мекемесінде 3 күн бойы тойлау жоспарланса, түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламаның ашылуы салтанаты болып өтіп, жазасын өтеушілерден құралған мекеме өнерпаздарының концертімен шымылдығы түрілді. Жиында сөз алған мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Мейірғали Ракишев сотталғандарды айтулы дата — НұрСұлтан қаласының туған күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдіре отырып алдағы сайыстарда бақ сынаушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі жазасын өтеушілер бар өнерін ортаға салды. Ән айтып, бас қалаға жүрекжарды жырларын арнады. Караоке айтудан жарысып, қабырға газеттері жиылғандар назарына ұсынылды. Патриоттық фильмдер көрсетілді.  Қол күресі, кір тасын көтеру, арқан тартыстан күш сынасса, 8 шілде күні волейбол, шахмат, теннис басқа да спорттық ойындарда кіл мықтылар сараланды. Өзгелерден оза шапқан алғырларға арнайы марапат пен ынталандыру сыйлығы табысталды. Басты мақсат — жаза басып жаңылғандарды күнделікті күрбелеңнен бір сейілтіп, айтулы датаның мән-мағынасын ұғындыра отырып, әлеуметтік-психологиялық тұрғыда қолдау көрсету. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытып, дене саулығына аса көңіл бөлу. Ал бұл тұста мұндай іс-шаралардың ілкімділігі іс жүзінде дәлелденіп отыр.

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.