Қазақтан шыққан жекпе-жек шебері қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді
Жекпе-жек жылдам аяқталды – басталғанынан кейін 100 секунд өткенде нокаут болды.
Ресейдің атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ілияс Хамзин (1-1) ММА-дағы осымен үшінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ресейдің Екатеринбургінде аралас жекпе-жектеп өткен RCC Intro 3 турнирінде ол ресейлік Олег Найденовпен (1-1) кездескен.
Жекпе-жек жылдам аяқталды – басталғанынан кейін 100 секунд өткенде Хамзин сол аяғымен Найденовтің бауырынан бір теуіп құлатты. Қарсыласы тұра алмады. Техникалық нокаут, қазақтың жеңісі жарияланды.
Видеосын төменде көре аласыз: