Ultimate magazine theme for WordPress.

Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың борышы

153

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Өйткені, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кемел келешегіне айтарлықтай қауіп төндіретін қоғам дертіне айналып отыр.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өтіп, онда мекеменің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты Айгерім Ерубаева жас қызметкерлерді жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекетті дамыту туралы кеңінен сөз қозғады.

Жиын барысында А.Ерубаева ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жемқорлықтың алдын алу және оны жою жолында күрес шаралары өз жалғасын тауып жатқанын, осы орайда, қоғамның барлық күш – жігерін біріктіріп, аталған дерттің одан әрі өршуіне жол бермей, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қарсы тұру — бүгінде маңызды мәселе болып отырғанын, сондықтан, жемқорлықтың алдын алу – ең әуелі жас қызметшілердің ел алдындағы азаматтық борышы екендігін айтып өтті.

Еркебұлан Садуанов,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлау жөніндегі аға инспекторы, әділет капитаны

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.