Жазасын өтеушілердің денсаулығы – бақылауда
Қазақстан Республикасының әр азаматы тегін медициналық тексерістен өтуге құқылы. Бұл қатардан түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар да шет қалып жатқан жоқ. Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар толықтай дәрігерлердің қарауынан өтті.
Сотталғандардың денсаулық жағдайын қарауға Тараз қалалық №3 емхананың невропатолог, ЛОР, окулист, кардиолог, хирург, УДЗ дәрігерлері келіп, жазасын өтеушілерді тексерістен өткізді. Сонымен қатар, жылжымалы флюорография кешені келіп, сотталғандардың кеуде қуыстарын түсірді.