Әлеуметтік бағдарлама – мол мүмкіндік
Ілкімді бастамалардың шарапаты сотталғандарға да тиюде. Оңалу оңайға соғып, дер кезінде көрсетілген әлеуметтік-психологиялық көмектің нәтижесінде қоғамға қайта сіңісіп кету жеңілдей түсті.Қазіргі таңда тар қапастан босап шыққан жандар қайта барып күнелтем деп қам жемейді. Жаза басып жаңылғандардың қоғамға қайта бейімделуіне лайықты жағдай елімізде жасалып-ақ қойған. 2017-2019 жылдарға қабылданған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға арналған кешенді стратегия өз өміршеңдігін дәлелдей түсуде. Айта кетелік аталмыш құжат Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында бастау алып, 33-қадам бас бостандығынан айыру орнынын босаған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру болып табылады.
Мүмкіндігі мол бастама Тараздағы ЖД- 158/7 мекемесінде де болып өтті. Бұл жолы тараздық А.М.Е жазасын өтеп, жеңілдетілген түрде бостандыққа шықты. Кешенді шара аясында «қақпа алдында кездесу» ұйымдастырылса, оған түрлі сала өкілдері шақырылды.Құқықтық кеңестер беріліп, жеңілдіктерді тиімді пайдаланудың жолдары нұсқалды. Пробация қызметі, жұмыспен қамту орталығы, учаскелік полиция инспекторлары, «Феникс» қоғамдық бірлестігі, өзге де мамандар алдағы уақытта бұл азаматпен тығыз байланыс орнатып, екі қолға бір күрек тауып береміз деп отыр.
ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі