Ultimate magazine theme for WordPress.

Қазақстанда есірткі саудалаумен айналысқан бірнеше сайт бұғатталды

175

Сайттар пайдаланушылар үшін қолжетімді болған және Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет еткен.

Сурет : habr.com2 Сәуір 2019, 10:08

Көлік прокурорлары есірткі сату сайттарының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақтөбе көлік прокуратурасы есірткі заттарын сату мен пайдалануды насихаттайтын әлеуметтік желілердегі парақшаларға қолжетімділікті шектеді.

Осындай талаптармен Ақтөбе қалалық сотына қадағалау органы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын сатуды жүзеге асырылған интернет-сайттарға мониторинг нәтижелері бойынша жүгінді.

Сайттар пайдаланушылар үшін қолжетімді болған және Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет еткен.

Сот шешімімен прокуратура талабы қанағаттандырылып, барлық 14 сайттың қызметі заңсыз деп танылды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.