Ultimate magazine theme for WordPress.

Семейде өрт кезінде екі бала қайтыс болды

129

2012 және 2015 жылдары туған балалар үйде өздері ғана болған

Сурет : НТВ2 Сәуір 2019, 10:54

Дүйсенбі, 1 сәуір күні күндіз, 2012 және 2015 жылдары туған екі бүлдіршін өрттен қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.

Сағат 14:19 өртке қарсы қызметінің пультіне Семей қаласына таяу маңда орналасқан Холодный ключ ауылындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шықаны жайлы хабар түскен.

Өрт сөндіру бөлімшелері өрт шыққан орынған келген кезде, бірінші қабатта орналасқан пәтердің қонақ бөлмесіндегі жиһаздың жанып жатқаны анықталған. Оның жалпы аумағы 5 шаршы метрді құрайды. Жуынатын бөлмедегі өртті сөндіру барысында 2012 және 2015 жылдары туған екі баланың денесі табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар қатты түтінге тұншығып, уланып қалған. Олардың ата-аналары үйде болмапты.

Өрт сөндірушілер сонымен қатар төтенше жағдай орнынан екі көрші тұрғынды қауіпсіз жерген шығарған. Қызыл жалын сағат 14:56 ауыздықталып, 15:12 толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Дәл осындай жағдай 4 ақпан күні Астанада орын алып, онда өрт кезінде бір үйдің бес қызы қаза тапқан болатын.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.