Таразда көрісу күніне арналған мерекелік шара өтті
14 наурыз – Көрісу күніне орай Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің алаңшасында арнайы іс-шара өтті. Жиынға қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысты.
Мерекелік мәнге ие болған атаулы күннің маңызын өңірдегі қолөнер шеберлерінің көрмесі мен сауда-саттық жәрмеңкесі көріктендіре түсті.
Шара барысында көпшілік қол алысып құшақтасып, ақ тілектерін жаудырса, қариялар баталарын берді.
Жиналған халық «Дулати» халықтық студенттік жастар театрының театрландырылған қойылымын тамашалады. Сонымен қатар ұлттық ойындар да көрініс тауып, асық ату, ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара өңір өнерпаздарының ән шашуымен тәмамдалды.