Ultimate magazine theme for WordPress.

Таразда есепте тұрған азаматтар өлкетану музейінде болды

63

Таразда пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде орналасқан облыстық өлкентану тарихи музейіне барды. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты Тараз қалалық пробация бөлімінің қызметкерлері есепте тұрған азаматтарды музейге апарды.

Аталған іс-шара Тараз қалалық пробация бөлімінің, қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сондай-ақ жұмыспен қамту орталығының бірлескен кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

— Шараға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қалалық №1,2,3 пробация бөлімінің есебінде тұрған 20-ға жуық азамат қатысты. Мұндағы негізгі мақсат – сотталғандардың қоғамға тезірек бейімделуіне ықпал ету, әрі оларды туған жердің тарихын танып-білуге жағдай жасау, — дейді Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры Қуаныш Калык.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.