Ultimate magazine theme for WordPress.

Жұмбақ қылмысқа қатысты тергеу басталды

158

Германияда арбалет қаруынан атылып, қаза тапқандарға қатысты тергеу амалдары басталды. Соңғы бірнеше күнде елдің әртүрлі өңірінен бес мәйіт табылған. Оның үшеуі сенбі күні Австриямен шекаралас Пассау қаласындағы қонақ үйде тіркелді. Табылған мәйіттерден ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қол ұстасқан ер мен әйел жүрекке тиген оқтан көз жұмған. Тағы бір келіншектің тамағына арбалеттің оғы тиіп, қайтыс болған. Кейінірек, қаза тапқан бір әйелдің Төменгі Саксония қаласында пәтері болғаны анықталған. Онда полицейлер тағы екі мәйіттің денесін тапты. Әзірге бұл қылмыстың мән-жайы зерттеліп жатыр.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.