Ultimate magazine theme for WordPress.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті 

153

Әңгімелесу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетіне сенім білдірді. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады. Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.