Ultimate magazine theme for WordPress.

«Дін тұтастығы – ел тұтастығы»

160

«Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсыры бойынша»

Ислам ешқашан дәстүрді, әдет-ғұрыпты толығымен жоққа шығармаған, оларды діннің негізгі принциптеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалаған. Ата-бабамыз сан жылдардан бері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі Ислам дінінің қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға мәлім. Айталық, діни баспалардың ашылуы, бірқатар діни газет-журналдар, интернет сайттары, телеарна, мектептерде дінтану пәнінің енгізілуі. Алайда дін саласында оң өзгерістермен қатар көлеңкелі жақтары жоқ еместігі де шындық. Осыны дұрыс түсіну үшін адамдардың бойында діни білім мен таным дұрыс қалыптасу керек. Діни білім беру – діни тәжірибе мен тіршілікті реттеп, бағыттап отыратын үдеріс. Ал, ол біздің өткен тарихымызда бірнеше сатылардан өткені белгілі. Сонымен, діни тіршілік тарихы мәселесі ұғыну, оқыту, жору, түсіндіру және өмірде қолдану сияқты біртұтас компоненттерден тұрады.

Әдет-ғұрып исламдағы құқықтың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады. Өткен ғасырдың негізгі идеологиялары, жүйелері, діни-философиялық ағымдары мен ұсынған жолдары арқылы исламның әр түрлі тақырыптарына қатысты көзқарас, пікір, қағида, мәліметтер мен әдістерді үйлестіру, жақындастыру әрекеттері – осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері. Интеллектуалдық ортада тарала бастаған бұл түсінік ХVІІІ ғасырдан қазірге дейін кеңінен тарап отыр.

 

Режеп Баярисов,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.